Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, мұнайдың қымбаттауынан Ұлттық қордың кірісі де артады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
КІРІС ҚАЛАЙ КӨБЕЙЕДІ
Министр мұндай деректі журналистерге Мәжіліс кулуарында айтты.
Егер мұнай бағасы 100 доллар болса, бюджетке қосымша 20 млрд доллар түседі. Ал 120 долларға жетсе, онда 37 млрд долларға көбейеді, – деді министр.
МӘН-ЖАЙЫ
Бірер күн бұрын мұнай баррелі 107 долларға дейін қымбаттаған. Қазір Brent маркалы мұнайдың баррелі 88 долларды көрсетіп тұр.
Сарапшылар жуықта ғана осы аптада баға 100 долларға жетуі мүмкін деп болжаған еді. Бірақ нарықтағы өсім күтпеген жылдамдықпен өтті. Баға 1 минуттың ішінде 10%-ға, ал тағы 15 минуттан кейін тағы 10%-ға көтерілді.
Мұнай нарығындағы мұндай күрт өсім Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуымен байланысты болып отыр.