Жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова түскен видеодан кейін полиция шара қолданды (видео)

Әлеуметтік желіде әнші Мөлдір Әуелбекова отырған автокөліктің салонында түсірілген видео тараған. Полиция сол видеода заң бұзылғанын анықтап, шара қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бейнежазба авторы әншіні белгілеп, «Мөлдір Әуелбекова, рақмет» деген жазба қалдырған.

Кадрлардан жүргізушінің тас жолда келе жатып, бір мезгілде ұялы телефонға видео түсіріп отырғаны байқалады. Сондай-ақ көліктегі жүргізуші мен жолаушылардың ешқайсысы қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Оқиғадан кейін Ішкі істер министрлігі аталған видеоға қатысты тексеру жүргізді.

Ведомствоның мәліметінше, 38 жастағы жүргізуші анықталып, оған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Сонымен қатар, қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушылар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Back to top button