TOP-1Спорт

2026 жылғы қысқы Олимпиада аяқталды: Қазақстан нешінші орында

Қазақстан Милан-Кортина Олимпиадасы ойындарын бір алтын медальмен аяқтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстан атынан Олимпиадаға спорттың 10 түрі бойынша 36 спортшы қатысты. Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың сенсациялық жеңісінің арқасында (жарыстар әлі толық аяқталмағанына қарамастан) Қазақстан Бразилиямен бірге 19-орынды бөлісіп тұр. Екі елдің қоржынында бір алтын медальдан бар.

Жалпы ойындарға 95 мемлекеттен спортшылар қатысты. Топ-10 қатарына енген қазақстандықтар:

  • Надежда Морозова (конькимен жүгіру) – 3000 метрде 6-орын;
  • Денис Никиша (шорт-трек) – 500 метрде 7-орын;
  • Илья Мизерных (трамплиннен секіру) – үлкен трамплинде 8-орын;
  • Анастасия Городко (фристайл) – параллель могулда 8-орын;
  • Евгений Кошкин (конькимен жүгіру) – 500 метрде 9-орын;
  • Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау) – 10-орын;
  • Елизавета Голубева (конькимен жүгіру) – 1500 метрде 7-орын.

Ел қоржынынан бір алтын медальді мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салды.

Back to top button