Спорт

Мейірім Нұрсұлтанов WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Tizgin.kz бокс кешін ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

Белбеу кімде

Осыған дейін отандасымыздың қарсыласы америкалық Хесус Рамос-кіші (24-1, 19 КО) болатыны хабарланған.

Айта кетерлік жайт, бұл санаттағы белбеу қазір доминикандық Карлос Адаместе. Ұйым міндетті үміткермен қолғап түйістіруден бас тартқаны үшін оны белбеуінен айырып, Рамос – Нұрсұлтанов жекпе-жегінің жеңімпазын толыққанды чемпион деуі мүмкін.

Нұрсұлтанов – Рамос кездесуі Питбуль – Браво бокс кешінің басты жекпе-жектерінің бірі болмақ.

Үш жыл жекпе-жек өткізбеген

32 жастағы боксшы соңғы рет 2023 жылы ринке көтеріліп, Хулио Аламосты төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Нұрсұлтанов бірнеше жылдан бері WBC титулына міндетті үміткер. Бірақ чемпион онымен жұдырықтасудан бас тартып келеді. Қазақстандық боксшы 20 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңген. Көбін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал титулдық кездесу 19 қыркүйекте Калифорнияда (АҚШ) өтеді.

Back to top button