
Әлеуметтік желіде Алпамыс есімімен танымал блогер ақын Ербол Бықыбаевтың ұсталуы жөнінде пікір білдірді, , деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Ербол Бықыбаев деген бауырымды қамауға алыпты. Ісінің ақ-қарасын білмеймін. Менің айтпағым – артыңда лайк басып, пікір жазатын аудиорияң тұрғанда “артымда бүкіл халық тұр” деп ойлап қаласың. Басыңа күн туып, жеме-жемге келгенде Тука (Нұржан Төлендиев сомдайтын театр кейіпкері – авт.) “былай қараймын жоқ, былай қараймын жоқ” – ешкімді таппай қаласың. Лайк басып, пікір жазып бәлеге айдап салатын аудитория сол бәледен тек лайк, пікірмен шығарғысы келеді. Ренжитіні жоқ – бүкіл қоғам сондай. Батыл біреу шықса “о, міне батыл біреу шықты, мен айта алмай жүргенді қазір осыған айттырам, болса осыған болсын, шырылдаса осы шырылдасын, маған ештеңе болмаса болды” дейді. Сөйтіп, пікір жазады. “Сақтың сарқыты, батыр бабаларымыздың жұрнағы, ананы айт, мынаны айт” дейді. Шаруасы бітеді. Бір күн жоқтаймыз да, ұмытамыз”, – дейді ол.
Блогер осыған дейін қоғамда қанша адам батыл пікір айтып ұсталса да, қоғам солардың бәрін ұмытып кеткенін еске салды.
“Қоғамдағы белсенділер мен ақиқат жолында жүргендер окоптағы сарбаз сияқты. Керек кезде атады, керек кезде қорғанады. Ал біз шыдамсыз оларды окоптан шығарып алып, “сен мықтысың, неге окопта жатырсың, шап жауға қарай” дейміз. Окоптан шығады, құны бір ғана оқ, бір ғана бап. Қоғамдағы белсенділердің беліне көтере алмаймын шоқпарды байлап береміз. Шын мәнінде, олар неғұрлым көп өмір сүрсе, соншалықты біз нәтижеге тез жетеміз. Бәрін шетінен қырып тастауға болмайды. Маяковский “жеңіске жету үшін тірі солдаттар керек” дейді. Қыстыгүні жеміс бермеді деп бүкіл ағашыңызды шауып тастамайсыз ғой. Кішкене күтіңіз. Сіз қалаған ақиқат та айтылады”, – дейді ол.
Ербол Бықыбаеавтың ісі
Шерзат Полат ісі кезінде өткір өлеңдерімен елге танылған ақын Ербол Бықыбаевтың ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Осы ақпарат шыққалы 4 күн өтсе де, оның не үшін ұсталғаны турасында полиция ресми ақпарат берген жоқ. Адвокат Дәулетхан Ахметовтың айтуынша, ол Таразда қамауға алынған. Оның сөзінше, ақынның үстінен қылмыстық кодестің 256-бабы 2-бөлігі бойынша (терроризмді насихаттау) ол күдікті деп танылған.
“Әлеуметтік желіде біреу тікелей эфирде отырып, айтқанын жазып алып шығарып жіберген екен. Осы видеоға қатысты ұстады ма, жоқ па белгісіз болып тұр”, – дейді заңгер.
Дәулетхан Ахметов көрсеткен видеода Ербол Бықыбаевтың дауысына ұқсас адамның “Аллаға, Пайғамбарға тіз тигізетін адамды өлтіріп тастасам да, өкінбеймін бауырым” деген сөзі естіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram