Аталған компания таратқан мәліметке сәйкес ажал құшқандардар саны 3 адамға жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
КОМПАНИЯ МӘЛІМЕТІ
Ресми ақпарат компанияның әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланған.
– «Казцинк» мамырдың 5-і күні Өскемендегі металлургиялық алаңда болған жарылыс кезінде ауыр жарақат алған жұмысшылардың бірінің қайтыс болғанын қайғырып жеткізіп отыр, – делінген ақпаратта.
МӘН-ЖАЙЫ
Енді ажал құшқандар саны үш адамға жетті. Компания өкілдері мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Еске сала кетсек, 5 мамыр күні таңертең зауыт аумағында шаң ұстау құрылғысы жарылып, кейін өрт шыққан және нысан ішінара құлаған. Одан кейін оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алғаны хабарланды.