$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Жаңалықтар

Теңізге кеткен әскерилердің тағы екеуінің денесін теңізден шығарды

Жергілікті басылым мұндай мәліметті алдын ала дерекке сүйеніп бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz 

БАҚ мәліметі

Бұған дейін 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Өкінішке қарай соның 9-ы көз жұмды.

Lada.kz мәліметінше, судан тағы екі адамның денесін шығарды. Бірақ әлі ресми ақпарат жарияланбаған көрінеді.

Оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт бұзылған

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде тоғыз әскери қызметші қаза тапқаны туралы жазған едік. Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында болған. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері оқу-жауынгерлік тапсырманы орындап жатқан кезде ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген.

«Алдын ала ақпарат бойынша, 19 әскери қызметшіні теңізге алып кеткен. Қазіргі уақытта тоғыз әскери қызметшінің қаза тапқаны тіркелді. Үш адам құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады министрлік.

Осылайша, тағы жеті әскери қызметшінің тағдыры әзірге белгісіз. Іздеу операциясына Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері, Төтенше жағдайлар министрлігі, авиация және өзге де қызметтер жұмылдырылған.

Back to top button