
Қазақстан боксшысы Геннадий Головкин мен оның мансабындағы басты қарсыласы Сауль «Канело» Альварес Александр Усик — Рико Верхувен бокс кешінде ринг жанына қатар жайғасты, деп жазады Tizgin.kz.
Алдымен екі боксшы бірге камера обективіне ілініп, көрермен назарын өзіне аударды. Артынша «Канело» GGG-ді көпшілік алдында құшақтап, жанында отырған британдық суперауыр салмақтағы боксшы Энтони Джошуаны да ортақ фотоға шақырды.
Әсерлі сәттің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр.