TOP-2ЖаңалықтарПікір

Жаңартылған партияның атауы қандай болады – Саиров болжам айтты

Amanat партиясы «Әділет» партиясының съезіне барады

Amanat партиясының кезекті XXVI Съезіндегі кулуарда мәжіліс депутаты Ерлан Саиров екі партияның бірігуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазір Amanat партиясы мен «Әділет» партиясын біріктіру жөнінде съездің шешімі өтті. «Әділет» партиясының съезі екі партияның қосылу съезі болады. Ол жерге Amanat партиясының мүшелері барады. Бүгіннен бастапзаңнама тұрғыда да, саяси тұрғыда да екі партияның бірігуі басталды», – деді мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

 

Ол жаңартылған партия атауы «Әділет» париясының съезінде анықталатынын айтты.

«Саяси тұрғыда екі партия біріккенмен, съездің шешімінде Amanat партиясы «Әділет» партиясына қосылатыны жазылған. Демек жағартылған партия «Әділет» партиясы болып тіркелуі ықтимал», – деді ол.

Еске сала кетсек, мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров екі партияның қосылуына қатысты пікір білдірген болатын.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы прогрессивті саяси күштерге консолидация жасауға шақырды. Менің ойымша, қазақта «Бөлінгенді бөрі жейді» деген мақал бар. Президенттік саяси партиялар бірігуі керек. Бұл – менің жеке пікірім, ал шешімді съезд қабылдайды. Оның атауы қалай болатынын жаңарған партияның өкілдері бірлесіп қабылдайды», – деді Ерлан Сайыров.

Back to top button