TOP-2Тергеу

Жанабыловтардың автокөліктері аукционға шығарылды

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сегіз Hyundai Elantra автокөлігін сату туралы хабарландыру жариялады.

Жеті көліктің бағалау құны 8 395 000 теңге, ал бір көліктің құны одан 5 мың теңгеге арзан. Көліктер сотталған Толегенова құрылтайшысы болып табылатын «Zhana Business» ЖШС-нің атына тіркелген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сауда-саттық 7 шілде күні сағат 10:00-де басталады. Қазіргі уақытта автокөліктерді тек мемлекеттік мекеме немесе кәсіпорын түрінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады. Егер көліктер осы кезеңде өткізілмесе, лоттар кейін барлық ниет білдірушілер үшін ашық саудаға шығарылады.

27 сәуірде сот блогерлерді заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша кінәлі деп таныған болатын. Жанабылов мүлкін тәркілеумен бірге екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, ал Толегеноваға екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оның орындалуы кейінге қалдырылды.

Сондай-ақ, блогерлер 247 653 229 теңге көлеміндегі мүліктік шығынды өтеген.

Back to top button