Жаңалықтар

Жалған ақпарат: Желіде тараған «жолбарыс» фотосы шындыққа сәйкес келмейді

Табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған.

Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жолбарысқа қатысты тараған суретке министрлік түсініктеме берді

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, жарияланған суретте жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін белгілер байқалады.

Табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-ошақпен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оның орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстайды. Сондықтан жануардың «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Фейк фото мен видеоны тарату заңмен жазаланады

Азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз.

Еске саламыз: көрінеу жалған ақпаратты, сондай-ақ шындыққа сәйкес келмейтін фото және бейнематериалдарды тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Еске салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәліметінше, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Ресей Федерациясынан әкелінген төрт амур жолбарысы – екі ересек дарақ және жолбарыстың екі төлі жеткізілді.

Жануарлар Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Орталық Азияда ірі жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде берілді.

Back to top button