Жаңалықтар

Қазақ даласында енді жолбарыстар өмір сүреді (ВИДЕО)

Қазақстан жолбарысты тарихи таралу аймағына қайтару бағдарламасының негізгі кезеңін бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

МИНИСТРЛІК МӘЛІМЕТІ

Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәліметінше, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына Ресей Федерациясынан әкелінген төрт амур жолбарысы – екі ересек дарақ және жолбарыстың екі төлі жеткізілді.

Жануарлар Хабаровск өлкесінің жабайы табиғатынан ұсталып, Орталық Азияда ірі жыртқыштың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастық шеңберінде берілді.

ҚАЙТА ЖЕРСІНДІРУ ҚАШАН БАСТАЛДЫ

Қайта жерсіндіру бағдарламасы жолбарысты 70 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен өңірге қайтаруға бағытталған. Қазақстан оны практикалық іске асыруға 2010 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен жолбарысты сақтау жөніндегі форумда қол жеткізілген халықаралық уағдаластықтардан кейін кірісті, делінген ақпаратта.

Аталған форумда жолбарыс таралған елдер жабайы табиғаттағы жолбарыстардың санын қалпына келтіру ниетін растады, ал Қазақстан тиісті жобаны іске асыруға дайын екенін мәлімдеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button