TOP-1Геосаясат

Ирандағы ахуал ушықса Маңғыстауға босқындар ағылуы мүмкін – Құспан (ВИДЕО)

Мәжілісмен Қазақстан Ирандағы жағдайдың тезірек тұрақталғанына мүдделі деп санайды

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы ұзаққа созылса, бұл фактор Қазақстанға ауыр тиеді деп есептейді. Бұл пікірін депутат Мәжіліс кулуарында журналистерге берген жауабында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ДЕПУТАТ НЕ ДЕЙДІ

Абзал Құспанның сөзінше, Иран Каспий теңізі арқылы Маңғыстау облысымен шектеседі.

“Маңғыстауға босқындар саны көбеюі мүмкін. Тікелей теңізбен есептегенде 550-600 шақырым (Иран мен Маңғыстау облысының арасы) болады екен. Біз Еуропаны көрдік қой. Африка елдерінен қашқан босқындар үлкен-үлкен теңіздерді әртүрлі қайықтармен кесіп өтіп жатыр. Суға кеткендер де болды. Оның қасында бұл – әлдеқайда қысқа жол. Сол себепті 100 миллионға жуық халқы бар Иранда жағдай күрделенсе, ол Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Сондықтан, ол жақтағы жағдайдың жылдамырақ келісім болғанына өте қатты мүдделі елміз”, – дейді Абзал Құспан.

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ ШИЕЛЕНІС

Израиль мен АҚШ бүгін Тегеранға қарсы алдын ала соққы жасағанын елдің қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді, деп хабарлайды Times of Israel басылымы. Иранның IRNA ақпарат агенттігінің дерегінше, Тегеранның орталығында жарылыстар естіліп, қала үстіне екі түтін бағаны көтерілген.

«Израиль мемлекеті Иранға превентивті соққы жасады. Соның салдарынан жақын арада Израиль мемлекетіне қарсы зымырандық және ұшқышсыз аппараттармен жасалатын соққы күтіледі», — деп келтіреді телеарна министрдің сөзін.

Кац елде төтенше жағдай режимі жарияланғанын мәлімдеді. Ал Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) сиреналар қосылғанын және тұрғындарға паналау орындарының маңында болу қажеттігі жөнінде хабарламалар жіберілгенін хабарлады.

Иран Израиль соққы жасаған соң АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеме жасады.

Арада аз уақыттан кейін Иранның мемлекеттік телеарналары елдің көшбасшысы – аятолла Әли Хаменеи қаза болғанын растады. Қазір тараптар бір-біріне зымыран атып, жағдай ушығып бара жатыр.

Back to top button