Ирандағы мектепке жасалған соққыдан қаза тапқан балалар жерленді
Иран билігінің мәліметінше, 28 ақпанда «Шаджаре Тайебе» мектебі зымыран шабуылына ұшыраған, деп хабарлайды BBC.
Жергілікті прокурордың айтуынша, мектепте 168 адам қаза тауып, 96 адам жараланған. Оның сөзінше, құрбандардың басым бөлігі – мектеп оқушылары, қыз балалар.
Мектеп бұған дейін де соққыға ұшыраған Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) базасына жақын орналасқан.
BBC мектептегі жарылыстың салдары түсірілген бейнежазбалардың шынайылығын растаған. Алайда қаза тапқандар санын тәуелсіз түрде тексеру мүмкін болмай отыр: Иран билігі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін елге кіргізбейді.
Аталған оқиғаға қатысты хабарламаларға жауап берген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио «Америка Құрама Штаттары ешқашан мектепке әдейі соққы жасамас еді» деп мәлімдеді.
Израиль әскері мектеп маңында қандай да бір операция жүргізілгені туралы өздеріне мәлім емес екенін хабарлады.