$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Инфляция қазақстандықтардың табысын жеп барады – Тоқаев

Қазақстан Президенті Жолдауында Үкімет пен Ұлттық банкке керек жағдайда көпшілік қолдай қоймайтын шешім қабылдау керектігін тапсырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Президент «сиқырланған макроэкономикалық шеңберден» шығуға шақырды.

“Үкімет пен Ұлттық банк енді біртұтас команда ретінде әрекет етіп, «арқан тартыспен» әуреленуді тоқтатуы тиіс. Қажет болса, халыққа ұнамайтын шешімдерді қабылдауға да баруы керек”, – деді ол.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа Жолдауын жариялап жатыр.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button