TOP-2ЖаңалықтарҚоғам

Хантавирустан қалай сақтанамыз: кемемен саяхаттайтындарға эпидемиолог кеңесі

Рим биомедициналық университетінің медициналық статистика және эпидемиология бөлімінің жетекшісі Массимо Чиккоцци хантавирустың алдын алу жолдарын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы «РИА Новости» сайтына сілтеме жасап.

Массимо Чиккоццидің мәліметінше, кеміргіштердің нәжісін дұрыс тазаламау хантавирус жұқтыруға әкелуі мүмкін. Оған жалаң қолмен жанасуға және маска тақпай тазалауға болмайды.

«Ең алдымен, тышқанның нәжісіне қолғапсыз жалаң қолмен тимеңіздер. Нәжісті сыпырудан немесе тазалаудан аулақ болыңыздар, ал егер ондай жұмыс істеуге тура келсе — міндетті түрде маска киіңіздер», – деді дейді Рим биомедициналық университетінің медициналық статистика және эпидемиология бөлімінің жетекшісі.

Оның айтуынша, кемелерде бұл мәселеге қатысты арнайы ережелер сақталуы тиіс. Кеме айлаққа тоқтаған кезде оған егеуқұйрықтар кіріп кетуі мүмкін. Олар жүк пен азық-түлікке нәжіс қалдыруы ықтимал.

«Тағы бір қауіп – ауру белгілері бар адаммен тығыз әрі ұзақ байланыста болу. Бұл тұрғыда тұмау кезіндегідей сақтық шараларын ұстану қажет: жөтеліп, түшкіріп жүрген адамға жақындап, оны құшақтап немесе сүймейсіз ғой. Бұл – жалпы гигиена қағидалары», – деп атап өтті эпидемиолог.

Еске сала кетсек, кеше Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті шетелге шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтарға хантавирус инфекциясынан қалай қорғану керектігін түсіндірген болатын.

«Хантавирус инфекциясы – адамға кеміргіштермен, олардың бөлінділерімен байланыс кезінде, сондай-ақ ластанған шаң, су немесе тағам арқылы жұғатын қауіпті вирустық ауру. Вирус ағзаға кеміргіштердің шағуы арқылы да түсуі мүмкін», – деп еске салды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

Back to top button