Жаңалықтар
«Халыққа танылдым»: Ардақ Назаров депутаттықтан кейінгі жоспарын айтты
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров үш жылда халыққа пайдалы заңдар қабылдағанын, ешқандай өкініші жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
««Екі қолға бір күрек» деген қазақта сөз бар. Өзіміздің айналысып жүрген спортымыз бар. Мені Әлем чемпионы ретінде біледі. Ешқандай өкініш жоқ. Бәріне ризамын. Сіздерге рақмет. Сіздер арқылы халыққа танылдым. Үлкен тәжірибе алдым. Қолдан келгенше, елге, жерге қызмет еттік. Бір депутаттың ғана қолынан келетін іс емес, бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бүкіл депутат қызмет жасады», – деді Назаров.