Германиядағы Қазақстан азаматының «Ресей шпионы» ретінде ұсталғаны расталды
Ол 29 сәуір күні ұсталған.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетыбаев Германияда Қазақстан азаматының тыңшылық күдігімен ұсталғанын растады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның айтуынша, азамат 29 сәуір күні ұсталған.
«Ер адамның жеке басы анықталғанымен, тергеу мүддесіне байланысты аты-жөні жария етілмейді», – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, Ерлан Жетыбаевтың мәліметінше, ұсталған азамат Қазақстанның Германиядағы елшілігіне немесе консулдық мекемелеріне көмек сұрап жүгінбеген.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша өзге ақпараттар екі елдің құзырлы органдары арқылы қарастырылып жатыр.
Еске сала кетсек, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Берлинде Қазақстан азаматының ұсталғаны туралы БАҚ-та тараған хабарламалардан кейін Германияның құзырлы органдарына ресми сауал жолдаған болаты.