
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ (бұдан әрі – Freedom, Freedom банкі) арнайы науқанының басталып, оның аясында жеке және заңды тұлғалар үшін АҚШ долларындағы барлық шығыс халықаралық аударымдар банк комиссиясынсыз жүзеге асырылатынын хабарлайды. Ұсыныс 2026 жылы 23 маусымнан бастап үш ай бойы жалғасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Бұған дейін Freedom Банкі әлемдегі ең ірі қаржы институттарының бірі – The Bank of New York Mellon (BNY) банкінде АҚШ долларындағы тікелей корреспонденттік шот ашқаны туралы жариялаған. Бұл банктің халықаралық есеп айырысу саласындағы мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте отырып клиенттерге, жеке және заңды тұлғаларға трансшекаралық төлемдерді жылдам әрі сенімді тәсілмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Комиссияларды алып тастау Freedom мен BNY арасындағы серіктестіктің басталуына сәйкес келіп, халықаралық есеп айырысуларды клиенттер үшін қолжетімді етуге бағытталған. Акция банктің қазіргі, сондай-ақ жаңа клиенттеріне қолданылып, халықаралық бизнесті жүргізуге, шетелдік тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға, сонымен қатар жеке аударымдарды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
«Біз сервистерімізді дамыту және клиенттеріміз үшін қаржылық мүмкіндіктер аумағын кеңейту бағытында үнемі жұмыс істейміз. The Bank of New York Mellon банкінде корреспонденттік шот ашу – инфрақұрылымымызды дамытудағы маңызды қадам және біздің шын мәнінде жаһандық цифрлық банк құрып жатқанымыздың кезекті дәлелі. Осы орайда біз клиенттерімізге доллармен халықаралық аударымдарды үш ай бойы тегін ұсынуға мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз – Freedom-дағы кез келген трансшекаралық операцияларын ел ішіндегі аударымдар сияқты оңай, жылдам әрі білінбей жасалуын қамтамасыз ету», – деп, Freedom Банкі Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жумагулов атап өтті.
Науқан кезеңінде АҚШ долларындағы халықаралық аударымды комиссиясыз Freedom SuperApp мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Freedom Банкінің барлық бөлімшелерінде жүзеге асыруға болады.
Freedom Банкі
«Фридом Банк Қазақстан» АҚ – жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынатын Қазақстандағы инновациялық банк. Банк ипотекалық қарыз, автонесие және бизнеске арналған несие алу процестерін цифрландырды. Сондай-ақ, елдегі алғашқы INVEST CARD инвестор картасын және басқа да бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Қазақстанның 20 қаласында орналасқан филиалдық желісі бар. Банк қаржылық қызметті, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздар саудасын, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp. холдингінің құрамына кіреді. Бүгінгі таңда холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market-те және Қазақстан қор биржасында саудаланады.
The Bank of New York Mellon (BNY)
BNY – 1784 жылы құрылған АҚШ-тағы ең көне әрі ірі қаржы институттарының бірі. Банк активтерді сақтау, есеп айырысу қызметі, инвестицияларды басқару және халықаралық қаржылық операцияларды сүйемелдеу саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. BNY бүкіл әлем бойынша институционалдық клиенттерге қызмет көрсетеді және жаһандық қаржы инфрақұрылымында маңызды рөл атқарады.