$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

Елордада жаңбыр суына шомылған ер адамдар жауапқа тартылды

Осы оқиға бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізген.

Әлеуметтік желіде Астанадағы жаңбырлы күні 3 ер адамның шалшық суда жатып, сыра ішкен видеосы тарады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астана 3 ер алдамның сыра ішіп, жаңбыр суына «шомылып» жатқан көрінісіне қатысты әлеуметтік желі қолданугшылары түрлі пікір айтты.

Бірі «Несие, қарыз жоқ кездегі өмір» деп әзілдесе, енді бірі «Ауладағы бассейннен кем емес екен», «Мен де осылай жатқым келеді» деп жазды.

Аталған жазбаға «Сарыарқа» ауданы полиция басқармасы осы факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізгені туралы жазды.

«Анықталғандай, мас күйінде болған екі ер адам тұрғын үй ауласында жүріп, жаңбыр суын ойнап жүрген балаларға қарай шашқан. Аталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот материалдарды қарағанға дейін уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Іс материалдары Астана қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды», – деп жазылған хабарламада.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button