Жаңалықтар

Елдегі жұмыссыз азаматтар қандай көмекке үміт арта алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев елдегі жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін қысқарту жоспарын түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін 6 айдан 4 айға дейін қысқарту ұсынылып отыр. Журналистер баспасөз мәслихатында бұл шешімнің қаншалықты әділ екенін сұрады.

Министрдің сөзінше, бұл – пандемияға дейін болған ескі жүйеге қайта оралу.

«Пандемияға дейін бізде бұл мерзім төрт ай болған, яғни бұрынғы норманы қайта енгізіп отырмыз. Электронды еңбек биржасында ай сайын 117 мың бос жұмыс орны жарияланады. Сондықтан ұзақ уақыт жұмыссыз мәртебесінде жүрудің мәні жоқ. Біз бұл тетікті жай ғана қысқартпаймыз, осы кезең ішінде азаматтарға өз мамандығына сәйкес бірқатар жұмыс ұсыныстарын береміз», – деді Асқарбек Ертаев.

Айта кетейік, Үкімет отырысына кейін өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қанша айлық алатынын және табысы отбасын асырауға жететінін мәлімдеген еді.

Back to top button