Ел бюджетінен туризм жарнамасына 1,5 млрд теңге бөлінді
2026 жылы Қазақстан туризмін ілгерілетуге республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді. Оның бір бөлігі блогерлер мен шетелдік журналистерге арналған ақпараттық турларды ұйымдастыруға жұмсалмақ, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Вице-премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева депутаттық сауалға берген жауабында туризм жарнамасына республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд теңге қарастырылғанын мәлім еткен.
«2026 жылы туризмді және маркетингтік жобаларды ілгерілетуге республикалық бюджеттен шамамен 1,5 млрд теңге бөлінді, халықаралық көрмелерде қатысу үшін, роуд-шоу мен ақпараттық турларды ұйымдастыруда, халықаралық және ішкі нарықтарда туристік мүмкіндіктерді ілгерілетуде, оқиғалық іс-шараларды ұйымдастыруда», – делінген жауапта.
Осы қаржының бір бөлігі инфлюенсерлер мен медиа өкілдеріне арналған турларға жұмсалмақ.
«Халықаралық және қазақстандық БАҚ, блогерлер, туризм индустриясы өкілдері және өзге де қатысушылар үшін ақпараттық турларды ұйымдастыру және өткізуге 168,8 млн теңге қарастырылған», – деп нақтылады министрлік.
Бұл тақырып қоғамда бұған дейін де қызу талқыланған еді. Сәуір айында америкалық тревел-блогер Camperghini Қазақстандағы қабылдауға көңілі толмайтынын айтып, өзін Туризм министрлігінің ешкім қарсы алмағанына шағымданған.
Кейін Kazakh Tourism басшылығы блогермен кездесіп, Алматыда оған арнайы тур ұйымдастырған.