$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарСпорт

«Чемпион шығарсың, бірақ адам боп қал»: танымал журналист Головкинмен шекісіп қалғанын жазды

Журналист Аслан Қаженов Facebook парақшасында Геннадий Головкинмен шекісіп қалғанын жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Нақты іспен айналыс»

«Бұған дейін Геннадий Головкин туралы бір негатив жазбадым. Керісінше, құрметім ерекше болатын. Бүгін нөлге түсті. Бокс сессиясынан кейін амандасып жатсам, «бесстыйжый» дейді. Даңқты чемпион шығарсың, бірақ адам болып қалу керек. Бір елдің атынан келген соң, сол елдің мүддесі үшін күйіп-пісіп, сол елдің спортшылармен бірге қуанып, бірге мұңайып жүрген бір қазақтың баласымын. Бізде де намыс бар. Бізде де арын бар. Шындықты айттым. Шындықты айтамын. Саған мен туралы кім не дегенін білмеймін. Өсек-аяңға ере бермей, нақты жұмыспен айналыс! Викторияның жеңісін қайтар! Ясминаның алтынын қайтар! Басқа да жұмыс жетеді. Өз еліңнен келген қаракөздерге сөзбен атылып, олай мұқата берме! Нақты іспен айналыс!», – деп жазды журналист Аслан Қаженов әлеуметтік желіде.

Головкин туралы мәлімет

Геннадий Головкин – Қазақстанның әйгілі кәсіпқой боксшысы, GGG лақап атымен танымал. WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы атанды.

2024 жылдан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады.

2025 жылдың қарашасынан бастап халықаралық World Boxing федерациясының президенті қызметін атқарады.

2026 жылғы маусымда Головкин Бокстың халықаралық даңқ залына ресми түрде енгізілді.

 

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button