«Аманаттың» ақыры: Тарих сахнасына «Әділет» партиясы келді
Астанада «Әділет» партиясының ІІ съезі өтті.

Құрылтай сайлауы қарсаңында елімізде жаңа саяси партия құрылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әділетті Қазақстан туралы бастамасын қолдаймыз. Бүгінгі қабылданатын шешім партияішілік шешім емес. Оның маңызы әлдеқайда кең екенін осында отырған халық түсінеді деп ойлаймын. Бүгінгі шешім саяси мәдениеттің жарқын көрінісі болады. Бұл шешім жаңа конститутиция күшіне ену қарсаңында қабылданып отыруының өзіндік ерекше символдық мәні бар. Бүгін дәл осындай жауапкершілікті нақты іспен көрсетейік. Әңгіме тек екі саяси ұйымның бірігуі туралы ғана емес, біздің міндетіміз — Қазақстанның болашағына қажет міндеттер төңірегінде күш-қуатты жұмылдыру»- деді бұрынғы «Әділет» саяси партиясының төрағасы Айбек Дәдебай.
Ол Amanat партиясының барлық мүшелеріне құрметпен қарайтынын айтты.
«Олар жылдар бойы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтады. Бұл тәжірибе енді ортақ мақсаттарға қызмет ететіне кәміл сенеміз. Біз азаматтардың сенімін ақтауға, әділдікті мемлекеттік жүйені дамытуға, қажет десеңіздер ұлттық болмысқа айналдырамыз. Осы мақсат үшін «Әділет» партиясы құрылды, осы мақсатты ортақ көретін күштерді құшақ жпя қарсы алуға дайынбыз. Біздің ортақ болашағымыз — әділетті Қазақстан», – деді ол.
Еске сала кетсек, Amanat партиясының кезекті XXVI Съезіндегі кулуарда мәжіліс депутаты Ерлан Саиров жаңартылған партияның атауы қандай болатынына қатысты болжам айтқан болатын.
«Саяси тұрғыда екі партия біріккенмен, съездің шешімінде Amanat партиясы «Әділет» партиясына қосылатыны жазылған. Демек жағартылған партия «Әділет» партиясы болып тіркелуі ықтимал», – деді ол.