ЖаңалықтарТергеу

БҚО-да студенттерді грантқа ауыстырамын деп ақша алған әйел ұсталды

Батыс Қазақстан облысында жоғары оқу орнының грантына ауыстырып, диплом алуға және магистратураға түсуге көмектесемін деген желеумен тұрғындардың ақшасын иемденді деген күдікке ілінген 35 жастағы әйелдің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ІІМ мәліметінше, қыркүйекте полицияға Орал қаласының тұрғыны арызданған. Тұрғынның сөзінше, бір әйел ақылы бөлімде оқитын ұлын грантқа ауыстырамын деп уәде етіп, 50 мың теңге сұраған. Алайда артынша бұл уәдесін орындамай, хабарсыз кеткен.

Сондай-ақ ол мұғалімдерге санаттық тестілеуден өтуге көмектесемін деп екі тұрғыннан 60 мың және 120 мың теңге алған. Күдікті әр қызметі үшін 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін алдын ала төлем алып отырған. Сонымен қатар тағы бірнеше адамға магистратура және жоғары оқу орнының дипломын алуға көмектеспек болған.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.

Айта кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік грант иеленбеген түлектерге не істеу керегін түсіндірген еді.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button