TOP-2Қоғам

Бізде заңның таңдаулы түрде жұмыс істейтіні өкінішті – Ринат Зайыт

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың түрмеде отырмайтыны белгілі болған соң Мәжілісте журналистер депутат Ринат Зайыттан үкімдердің ала-құлалығын қалай түсінетінін сұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Депутат заң таңдаулы түрде жұмыс істейтінін көптен бері айтып жүргенін айтады.

«Біз үшін өкінішті. Сот туралы бізге келіп жатқан шағымдарда есеп жоқ. Бізге тек «Мәжіліс депутаттарының сот ісіне араласуына құқығы жоқ» дейді. Заң жүзінде біз ешқандай шара қабылдай алмаймыз. Дауластық қой. Бәлкім, келесі құрылтай депутаттарының алдында мүмкіндік болатын шығар», – деді Ринат Зайыт.

Мәжілістің экс-депутаты әрі Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың сот үкімі бойынша кейінге қалған жазасы жеңілдетілді.

“Ақжайық” басылымының жазуынша, 16 наурызда Атырау қаласының №2 соты пробация қызметінің ұсынысын қараған. Хаменоваға шыққан үкімді орындауды кейінге қалдыру мерзімі 2026 жылдың 10 наурызына дейін деп белгіленген.

“Пробация қызметінің мәліметінше, Хаменова қоғамдық тәртіпті бұзбаған, әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған және баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындаған. Осы мән-жайларды ескере отырып, сот ұсынысты қанағаттандырды. Өтелмеген жаза бөлігі сол мерзімге пробациялық бақылаумен 7 жыл бас бостандығын шектеуге ауыстырылды”, – делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button