ЖаңалықтарҚоғам

«Қиындыққа шағымданбаймын»: Меруерт Өтекешова жалдамалы пәтерде тұрып жатыр

Ол қазіргі уақытта университетте жұмыс істейді.

Кино және театр актрисасы Меруерт Өтекешова журналист Мая Бекбаеваға берген сұхбатында Астанада пәтер жалдап тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Маған Астана ұнайды. Бұл жақта саябақ көп. Жұмысым, зейнетақым бар. Қиындықтарға қарамай өмір сүрудемін. Біз басқа түскен қиындыққа қарамастан ешқандай шағым айтуды білмейтін ұрпақпыз. Қазір түсіріліп жатқан фильмдер көңілімнен шықпағандықтан, фильмге түсіп жүрген жоқпын», — дейді Меруерт Өткешова Майя Бекбаеваға берген сұхбатында.

«Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, «Қыз Жібек» фильмінің басты рөлін сомдаған Меруерт Өтекешова қарттық жасына қарамастан әлі күнге дейін жұмыс істеп, қызы және жиенімен бірге жалдамалы пәтерде тұрып жатыр. 2008 жылы оның ұлы өмірден озған. Ағасының бақилық болғанын ауыр қабылдаған кіші қызы дертке шалдығып, оны емдету үшін Астана және Алматыда берілген пәтерді сатып жіберуіне тура келген.

«Ұлым үйленгелі жүрген еді, бірақ бақилық болып кетті. Осындай жағдайдан кейін жүрегімде терең мұң, сағыныш қалды. Әлсіздігімді көрсету менің болмысымда жоқ. Қазір менің қыздарым мен жиендерім бар. Оларға қазір мейірім, махаббатымды көрсетуім керек. Іштей өз-өзіммен сөйлесіп, рухымды көтеріп, ары қарай өмір сүрудемін», – дейді ол.

Меруерт Өтекешованың үлкен қызы журналист болса, кіші қызы әлі өзін іздеуде. Ағасы өмірден озған соң ол терең күйзеліске түскен.

«Кіші қызым әкесіне тартқан. Оның табиғи әдемі дауысы бар. Ол Т.Жүргенов атындағы университетті “вокал” бөлімі бойынша бітірді. Өкінішке қарай, ол үшін уақыт тоқтап қалды. Ағасының өмірден озғанын ауыр қабылдады, қайғырды, бірақ қазір бәрі қалыпқа келе жатыр», – дейді ол.

Back to top button