Қоғам

Бектенов жол бойындағы сервисті дамыту картасын әзірлеуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов жол қауіпсіздігі мәселесі өзекті бола түскенін, 1 мамырға дейін жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын жаңартуды тапсырды, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

ЖИЫНДА НЕ АЙТЫЛДЫ

Үкімет отысында ол жол қауіпсіздігі – ең өзекті мәселенің бірі екенін атап өтті.

Былтыр 36 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болған. Сондықтан апат қаупі жоғары учаскелерде инженерлік шешімдерді қолдану, жылдамдық режимін қатаң бақылау, интеллектуалды көлік жүйелерін және заманауи ескерту құралдарын пайдалану бойынша жүйелі шаралар кешенін іске асыру қажет, – деді О. Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

КӨЛІК МИНИСТРІНЕ БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМА

Премьер-министр Көлік министрлігіне Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерімен және әкімдіктермен бірге 1 мамырға дейін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарларын жаңартуды тапсырды.

Сонымен бірге, көлік көп жүретін автомагистральдар мен ірі қалаларға кіретін жолдарға баса назар аудару қажеттігі айтылды.

Көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту жүргізушілерге қолайлы жағдай жасаумен тікелей байланысты. Көлік министрлігі әкімдіктермен бірге тиісті стандарттар мен бизнесті ынталандыру шараларын қамтамасыз етіп, 1 мамырға дейін әр өңірде жол бойындағы сервисті дамытудың егжей-тегжейлі картасын әзірлесін, – деді Олжас Бектенов.

Back to top button