Жаңалықтар
Базарбек сияқты әйелімді жұмысқа шығарғам жоқ – Айдос Сарым айлығы жайлы айтты
Құрылтай депутаты Айдос Сарым журналистерге өзінің ай сайынғы жалақысының мөлшерін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Құрылтай отырысынан кейін өткен брифингте журналистер Сарымнан депутаттардың қанша жалақы алатынын сұрады.
«Депутаттардың еңбекақысы тәжірибесіне байланысты беріледі. 600 мыңнан 1 миллионға дейін алады. Мен 1 миллионнан сәл төмен аламын», – деді Сарым.
«Айлығыңыз жете ме?»
Журналист Сарымнан алатын жалақысының күнделікті шығындарына жететін-жетпейтінін де сұрады.
«Әрине, жетеді. Бақытжан Базарбек сияқты әйелімді жұмысқа шығарғам жоқ», – деді депутат.
Бұған дейін Айдос Сарым депутаттардың премьер-министрге сұрақ қоюына шектеу қойылды деген пікірге жауап берді.