$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-1Жаңалықтар

Жаңа депутаттардың ашылуына сәл мүмкіндік беріңіздерші – Айдос Сарым (Видео)

Құрылтай депутаты Айдос Сарым депутаттардың Премьер-министрге сұрақ қоюына шектеу қойылды деген пікірге жауап берді. Сөзінше, Үкімет басшысы депутаттардың сұрағына бұрынғы форматтағыдай жауап береді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Премьер-министрге сұрақ қоя алады»

Құрылтай отырысынан кейін өткен брифингте журналистер Сарымнан депутаттардың Үкімет басшысына сұрақ қою мүмкіндігіне қатысты сұрады.

«Депутаттар премьер-министрге сұрақ қоя алады. Бюджетті қорғауға келгенде, бюджет туралы есеп бергенде, парламенттік тыңдауларда, Үкімет сағаттарында – соның кез келгенінде депутаттар сұрақ қоя алады», – деді Сарым.

Депутаттың айтуынша, сұрақ қойылмайтын жекелеген жағдайлар бөлек институттардың мәртебесіне байланысты. Мәселен, ол Конституциялық сот төрағасының жыл сайынғы есебін мысалға келтірді.

«Заң бойынша, регламент бойынша ол бөлек институт болғандықтан, депутаттар оған сұрақ қоймайды. Есебін тыңдап, не қабылдайды, не қабылдамайды. Бұл жылына бір рет болатын жиналысқа қатысты бап. Басқа уақытта сағаттап тұрып есеп береді. Премьер-министрге сұрақ қоя алмайды деген жаңсақ пікірді таратпаңыздаршы. Бұрынғы формат қалай болды, солай қалды», – деді депутат.

Жаңа депутаттар қайда?

Брифингтен кейін журналистер депутаттардың БАҚ үшін қолжетімділігі мәселесін де көтерді.

Tizgin.kz тілшісі Құрылтай ғимаратының алдында таңғы сағат 8-ден бері депутаттарды күткенін, алайда әсіресе жаңа депутаттарды кездестіре алмағанын айтты.

«Жаңа депутаттардың ашылуына сәл мүмкіндік беріңіздерші», – деп жауап берді Айдос Сарым.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button