$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

2026 жылғы 1-2 тамыз күндері Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрмеңкеге келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен жеткізілген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің балғын өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Сауда сөрелеріне көкөніс пен жеміс-жидек, ет, сүт және ұн өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тауарлар қойылады.

Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығының аумағында Алаш тас жолы, 35Б мекенжайында өтеді.

Жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустармен жетуге болады.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button