$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Астанада әйелдің суретін WhatsApp-та рұқсатсыз жариялаған көршілері өтемақы төледі

Астанада екі көрші әйелдің суретін оның келісімінсіз WhatsApp чаттарына жариялағаны үшін моральдық зиян өтейтін болды. Сот олардың әрқайсысынан талапкердің пайдасына 20 мың теңгеден өндіру туралы шешім шығарды. Алайда чаттағы хабарламаларды өшіру туралы талап қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Суреті екі чатқа тараған

Әйел тұрғын үй тұрғындарының жиналысына қатысқан. Кейін өзінің суреті шамамен 1,5 мың адам бар екі WhatsApp чатында жарияланғанын анықтап, сотқа жүгінген.

Істі қарау барысында сот мессенджердегі хат алмасудың скриншоттарын электрондық дәлел ретінде қабылдады. Сот адамның келісімінсіз оның суретін көпшілік қатысатын чатқа жариялау құқығын бұзады деген қорытындыға келді.

Екі көршіден 40 мың теңге өндірілді

Сот екі жауапкердің әрқайсысынан әйелдің пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 20 мың теңгеден, жалпы 40 мың теңге өндіру туралы шешім шығарды.

Ал үшінші жауапкерге қатысты талап қанағаттандырылмады. Оның суретті жариялауға қатысы бары дәлелденбеген.

Сондай-ақ сот талапкердің WhatsApp чаттарындағы хабарламаларды өшіру туралы талабын қанағаттандырмады.

Back to top button