$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Спорт

Асланбек Шымбергенов спорттағы мәнсабын аяқтады

Әуесқойлар арасында Ұлттық құрама капитаны болған спортшы боксқа қайта оралуға талпынып көргенін де айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жаттығуды бастап та көрді

Шымбергенов Азия, әлем чемпионы. Айтуынша, өзін іштей қайрап, жаттығуды қайта бастап та көрді.

«Бірақ болмады. Сондықтан, кәсіби мәнсабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Қазір Жамбыл облысындағы кәсіпқой бокс клубы басшысының орынбасары болып жұмыс істеймін», – деді боксшы.

Жүріп өткен жолы

Асланбек Шымбергенов Қазақстан чемпионатында екі рет топ жарса, 2019 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында алтын медальді мойынға тақты. Абылайхан Жүсіпов екеуінің елішілік жарыстардағы жекпе-жегі 69 келіге дейінге салмақтың көркін қыздырған.

2022 жылы Азия чемпионы атанса, 2023 жылы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Боксшының еншісінде Азия ойындарының екі жүлдесі бар. 2018 жылғы Азия ойындарында күміспен күптелсе, 2023 жылғы додада қола медаль бұйырды. 2024 жылы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғады.

Back to top button