Ақынның соңғы тілегі: Мұхтар Шаханов өзі өтінген орында жерленетін болды
Мұхтар Шаханов Арыстанбаб кесенесінің жанындағы зиратқа жерленеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов туған топырағындағы Арыстан баб кесенесінің маңына жерленетін болды. Марқұмды шығарып салу рәсімі 21 сәуірде Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрында сағат 9.00-де өтіп, 22 сәуірде Арыстан баб кесенесінің маңындағы академик Өмірзақ Айтбаев, Көпен Әмірбек жерленген зиратқа қойылады»,- деп жазды Құдияр Біләл желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды.
Мұхтар Шахановтың жұбайы Ханшайым Шаханова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақынның соңғы өтінішін жеткізді. Соңғы тілегінде ол өзін ата-бабаларымыздың киелі мекені, Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлеуді өтінген.