Жаңалықтар
Ақтөбеде отбасылы еркек оқушымен көңіл жарастырды деген күдікке ілінді
Желіге тараған мәліметке сәйкес, ер адам жасөспіріммен танысу үшін өз жасын төмендетіп көрсеткен, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Жасөспірім ауруханаға түскен
Бұл туралы ақпарат Zello паблигінде жарияланды. Жазба авторының айтуынша, ер адам әлеуметтік желіде өз жасын шын жасынан төмен көрсетіп, жасөспіріммен танысқан. Кейін екеуі жеке кездескен көрінеді.
Жазбада олардың арасында интимдік байланыс болғаны және одан кейін жасөспірімнің ауыр инфекциямен ауруханаға түскені көрсетілген. Дегенмен бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.
Полиция не дейді
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растады.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтерді ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияламай отыр.