$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Ақтөбеде камералар жол бермеген жүргізушілерге айыппұл сала бастады

1 қазаннан бастап Ақтөбе жолдарындағы «Сұңқар» камералары сынақ режимінен шығып, толыққанды жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақтөбе облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған «Диапазон» басылымының хабарлауынша, жүйе ереже бұзғандарды автоматты түрде тіркей бастаған. Енді айыппұл салынатын ереже бұзушылықтар тізімі кеңейген.

Камералар енді мына ереже бұзушылықтарды тіркейді:

  • жылдамдықты асыру;
  • көлік жүргізу кезінде телефонмен сөйлесу;
  • қауіпсіздік белдігін тақпау;
  • жаяу жүргіншілерге жол бермеу (жаңа);
  • рұқсат етілмеген жерлерде көлікті қою және тоқтау (жаңа) –  жүйе ереже бұзған көліктердің мемлекеттік нөмірлерін автоматты түрде оқиды.

Полиция жүргізушілерді мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button