ЖаңалықтарОқиға
Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіт найзағай соғып көз жұмды
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне найзағай түсуі себеп болған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ақтөбе облысы полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесі табылғаннан кейін аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«19 жастағы жігіттің денесін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім атмосфералық электр тогының әсерінен, яғни найзағай соғуынан болған», – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу барысында қайғылы жағдайдың қалай болғаны және өлімнің нақты себебі белгіленеді.