$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
TOP-2Жаңалықтар

Алматыдағы Ленин ескерткіші алынып тасталды

Әлеуметтік желіде экономист Бауыржан Жақсыберген Алматы-1-дегі соңғы ірі Ленин ескерткіші алынғанын жазып, суретпен бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алматыдағы Ленин ескерткішінің алынуы талқыланды

«Бұл дәуірдің соңы ма, әлде қаланы кеңестік елестерден тазартатын уақыт әлдеқашан жетті ме? Бір жағынан –- тарих, бірнеше ұрпаққа таныс болған нысан және «естелік». Екінші жағынан – қазіргі мегаполисте тоталитарлық режимнің өкілдеріне арналған ескерткіштердің тұруы, кем дегенде, оғаш көрінеді. Бір қызығы, 2014 жылы оны алып тастауға әрекет жасалған болатын, алайда сол кезде жұртшылық ескерткішті сақтап қалды. Ал қазір бәрі тыныш өтті, ешқандай шу да, митинг те болған жоқ. Күресуден шаршады ма, әлде енді оған ешкімнің мәні жоқ па?», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Ол оқырмандарға «Ленин ескерткішін ашық аспан астындағы музей экспонаты ретінде қалдыру керек пе, әлде оны отыз жыл бұрын-ақ алып тастау керек еді деп ойлайсыздар ма?» деген сұрақ қойды.

Қарағандыдағы Ленин ескерткіші қашан алынады

Оқырмандар бұл жағдайға қатысты әртүрлі пікір білдірді.

«Ресейліктерге Қазақстандағы ескерткіштердің қандай қатысы бар? Қазақстан – егемен ел және кеңестік кезеңнен қалған ескерткіштерге қатысты өз қалауынша шешім қабылдауға құқылы»,

 

«Қарағандыдағы Ленин ескерткішін қашан алады?»,

 

«Осы ескерткіштің тәуелсіз Қазақстанда 35 жыл бойы тұрғанының өзі жүректі ауыртады. Ендігі ұсынысымыз: осы саябаққа үш бәйтерегіміздің бірі Сәкен Сейфулиннің ескерткіші қойылса екен», –  деген пікірлер жазылды.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button