Алматы – Қорғас тасжолында жүргізушілердің жылдамдығы жаңаша бақыланады
9 қарашадан бастап елдегі үш республикалық маңызы бар тасжолда көліктердің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Қай тасжолдарда жылдамдық бақыланады
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, орташа жылдамдықты бақылау жүйесі 2026 жылғы 9 қарашадан бастап жұмыс істей бастайды.
Жаңа бақылау енгізілетін жолдардың қатарында Алматы – Қорғас тасжолы бар. Атап айтқанда, Ұйғыр – Панфилов учаскесінде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 120 шақырымды құрайды. Бақылау аймағының ұзындығы – 50,832 шақырым.
Ал Қарағанды – Бурылбайтал тасжолында екі учаске қамтылады:
- Шұбартүбек – Гүлшат: 42,158 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ;
- Гүлшат – Тасарал: 42,550 шақырым, рұқсат етілген жылдамдық – 140 км/сағ.
Сонымен қатар жаңа жүйе Қызылорда – Арал тасжолында да енгізіледі.
Орташа жылдамдық қалай есептеледі
Жүйенің басты ерекшелігі – көлік жылдамдығы тек камера орнатылған жерде емес, бүкіл бақылау аймағында есептеледі.
Арнайы құрылғылар көліктің бақылау аймағына кірген және одан шыққан уақытын тіркейді. Осы мәліметтер негізінде жүріп өткен қашықтық пен жұмсалған уақыт есепке алынып, орташа жылдамдық автоматты түрде анықталады. Егер жүргізуші белгіленген жылдамдық шегінен асса, құқықбұзушылық туралы мәлімет тиісті уәкілетті органдарға жолданады.