Абай облысында шахтада кенші қаза тапты
Оқиға орнында жұмысшылардың бірі алған ауыр жарақаттар салдарынан көз жұмды.
Тау жынысының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
2026 жылғы 27 сәуірде «Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов шахтасында жазатайым оқиға болғаны туралы KAZ Minerals Тобының жалғыз ресми Instagram парақшасында жарияланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тау жынысының опырылуы салдарынан бір қызметкер қаза тапты, тағы бір зардап шеккен қызметкер ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
«Оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Жан-жақты тергеу жүргізілуде. KAZ Minerals Тобы Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук оқиға орнына жол тартты», – деп жазылған хабарламада.
Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, оның отбасына барлық қажетті қолдау көрсетеді. Зардап шеккен қызметкерге де жан-жақты көмек көрсетіледі.