ЕрекшеЭкономика

85 мың теңге: Үкімет ең төменгі жалақыны көтеру идеясынан бас тартты

Үкімет ең төменгі жалақыны 2026 жылдан бастап көтеру идеясынан бас тартты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Әзірге ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) көтеру жоспары жоқ, шынымды айтсам. Қазір ол 85 мың теңге, әзірге МЗП-ны арттыруды қарастырған жоқпыз», — деді сәрсенбі күні үкіметтегі брифинг барысында вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Маусым айының соңында республикалық бюджет «ең төменгі жалақыны көтеруге қауқарлы» екенін және «есептеулер жүргізіліп жатқанын» айтқан қаржы министрі Мәди Тақиев бұл сөздерінің есептік болжам болғанын түсіндірді.

«Көрсеткіштерге қарасақ, ең төменгі орташа мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы керек. Бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, Серік Макашевич (Жұманғарин) айтқан деңгейде қалдыруды ұйғардық», — деп түсіндірді қаржы министрі.

Еске салсақ, маусым айының соңында Мәди Тақиевтен бөлек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова да журналистерге 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақының көтерілетінін айтқан еді.

Back to top button