TOP-2Пікір

«50 жасында ата-анасының ақшасына өмір сүретіндер бар» – қаржы сарапшысы

Қаржы кеңесшісі, инвестор, «Подписка на богатство» кітабының авторы Әсел Аульбекова қаржылық тәуелсіздік пен жауапкершілік туралы ойын бөлісті. Оның айтуынша, жақындарына үнемі қаржылай көмек көрсету адамды дамудан тежейді. Бұл туралы ол журналист Динара Сатжанға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Жоқ» деп айту – қамқорлықтың бір түрі

«Егер туысыңыздың мәселесін өзіңіз шеше берсеңіз – оның қабілеті қандай екенін ешқашан білмейсіз. Туысыңыз ақшалай көмек сұраған кезде «Жоқ» деп айта білу – оған деген махаббаттың, қамқорлықтың көрінісі. Сол сәтте Сіз ол үшін сараң адам болып көрінуіңіз мүмкін. Адамға ешкім 3 жыл бойы көмектеспесе, құтқара бермесе – 3 жылдан кейін ол жетістікке жете алады. Ал бәрі құтқара берсе – ол жауапкершілікті өз мойнына алмайды», – дейді Әсел Аульбекова.

Бай адамдар үлкен мұра қалдыруға асықпайды

Ол балада бастапқа капитал болуын қолдайды, бұл оны 10-15 жыл ипотека төлеуден қорғайды.

«Менің 2 қызым бар. Екеуіне жылжымайтын мүлік түрінде бастапқы капиталды дайындап жатырмын. Бұл олар бастапқы 10-15 жылын ипотека төлеуге жұмсамауы үшін керек. Бұл – мен оларға қала ортасынан кең пәтер алып берем деген сөз емес. Бұл – ересек өмірін бастап кетуге көмек болатын шағын пәтер болады. Ипотека жабатын уақытты олар карьерасын құруға жұсауына болады. Бұрын туған бауырыма ақшалай көметесетінмін. 2 жыл бұрын олай көмектесуді тоқтаттым. Мен ақшалай көмектесетін бір ер адам болса – ол зейнетке шыққан кездегі әкем болады. Бай адамдар балаларына ақшалай мұра қалдырмайды, себебі олар ондай жағдайда балаларының дамуға деген қызығушылығы азайып қалатынын біледі. Балаға базалық қажеттіліктеріне жететін ғана ақша беру керек», – дейді ол.

Балаларыма жылына 2 рет қана сыйлық жасаймын

Сарапшы 50 жасында да ата-анасының зейнетақысына күн көріп жүрген адамдар бар екенін айтты.

«Мұндай адамдар – ашығып көрмеген адамдар. Мұндай адамдардың ата-аналары «Баламды балалық шағынан айырғым келмейді» деп бәрін алдына тосып өсірген. Мысалы, мен балаларына жылына 2 рет сыйлық жасаймын. 100 доллар туған күнінде, 100 доллар жаңа жылда сыйлаймын. Мен оларды балалық шағынан айырдым деп ойламаймын. Олар оқи алады, жаза алады, күте алады, жоспарлай алады. Не қалайды – сол бірден орындала қалмайтынын біледі. Ойлаған нәрсең дайын бола қалса –  құндылығын жоғартады, сондықтан балаңыздың қалағанын интернеттен тапсырыс беріп ала беруге асықпаңыз», – дейді кітап авторы.

 

 

Back to top button