+42 градусқа дейін ыстық: үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық пен күрделі ауа райы жағдайы сақталады.
«Қазгидромет» синоптиктері 22, 23 және 24 маусым күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
22 маусым: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз аптап ыстық болып, +34…+36 градусқа дейін көтеріледі.
23 маусым: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кейін оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, күндіз 9-14 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +19…+21 градус, күндіз +34…+36 градусқа дейін жетеді.
24 маусым: Ауыспалы бұлтты. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +26…+28 градус болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
22 маусым: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +31…+33 градусқа дейін көтеріледі.
23 маусым: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +16…+18 градус, күндіз қатты ыстық болып, +34…+36 градусқа дейін жетеді.
24 маусым: Ауыспалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 12 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ауа температурасы түнде +18…+20 градус, күндіз +33…+35 градус болады.
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық пен күрделі ауа райы жағдайы сақталады. «Қазгидромет» жариялаған дауылды ескертуге сәйкес, көптеген өңірлерде ауа температурасы +35…+42 градусқа дейін көтеріледі. Біррқатар облыста жел күшейіп, оның екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.