Жаңалықтар
+37°C ыстық, жаңбыр: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы үш күнде аумағының басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Қазгидромет” РМК мәліметінше, атмосфералық фронттар әсерінен елдің батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда жел екпіні күшейеді.
“Республиканың басым бөлігінде жаздағыдай жылы ауа райы сақталады”, – делінген “Қазгидромет” хабарламасында.
Алайда шығыс өңірлер мен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі уақытта күн салқын болады.
Күндізгі ауа температурасы:
- батыста, солтүстікте және орталықта +25…+33°C;
- шығыста +20…+25°C;
- оңтүстікте +28…+37°C;
- оңтүстік-шығыста +20…+30°C шамасында болады.