Жаңалықтар

30 сәуірге арналған ауа райы болжамы: солтүстікте жылы, оңтүстікте ыстық болады

Батыс Қазақстанның кей бөлігінде жаңбыр жауады.

Қазгидромет сайтында бейсенбі, 30 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Астана қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +25…+27°C.

Алматы қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

Шымкент қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +30…+32°C.

Ақтау қаласында күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +15…+17°C.

Ақтөбе қаласында күн бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 2–7 м/с, екпіні 10 м/с-қа дейін. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +8…+10°C.

Атырау қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +18…+20°C.

Жезқазған қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C.

Қарағанды қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 4–9 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +25…+27°C.

Көкшетау қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +22…+24°C.

Қонаев қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +26…+28°C.

Қостанай қаласында ауыспалы бұлтты, жаңбыр, жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +17…+19°C.

Қызылорда қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +32…+34°C.

Павлодар қаласында күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +23…+25°C.

Петропавл қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +20…+22°C.

Семей қаласында күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +26…+28°C.

Талдықорған қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +27…+29°C.

Тараз қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +27…+29°C.

Түркістан қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +32…+34°C.

Орал қаласында ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, топырақ бетінде үсік болуы мүмкін, күндіз +14…+16°C.

Өскемен қаласында күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +25…+27°C.

Back to top button