TOP-2ЕрекшеЖаңалықтар

«2 жыл бойы миымда жүрген идея»: Астаналық тоқымашы Димаштың суретін тоқып шықты

Әншінің суретін тоқу идеясы оған 2 жыл бұрын келген.

Әлеуметтік желіде астаналық тоқымашы әнші Димаш Құдайбергеннің соқылған суретін жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Түркияның 6қаласында тоқылған сурет

Жадыра Қабдоллақызының мамандығы – экономист, бірақ соңғы 7 жылда ешқандай құрылғының көмегінсіз кілем тоқумен айналысып келеді. Димаштың суретін тоқу идеясы оған 2 жыл бұрын келген.

«Мен 2 жыл бұрын Димаш Құдайбергеннің концертіне барған кезде оның портретін тоқуды армандадым, бірақ мен ойлағандай болмай қала ма деп қорықтым. Қорықсам да сұлбасын жасап, тоқуды бастап кеттім. Отбасыммен Түркияға барған кезде де тоқуға арналған жіпті өзіммен бірге ала кетіп, тоқи бердім. Тіпті жолда болған кезде де тоқуымды тоқтатпадым. Түркияның 6 қаласында болдық, 6 қалада да тоқуымды жалғастыра бердім. Әртүрлі әдемі жерлерде тоқыдым», – дейді Жадыра Қабдоллақызы.

Телефондағы сурет тоқыма суретке айналды

Оның айтуынша, бұл жұмыс шашамен бір айға жуық жалғасқан.

«Үйлеспей қалған жерін қаншама рет қайтадан бастап тоқыдым. Ең соңында тоқтата салғым келді. «Бәрін бекер бастаған екенмін, сурет Димашқа ұқсамай кетті» деп ойладым. Дегенмен соңына дейін жеткізейін деген шешімге келдім. Тоқылған матаны қалай тартуға болады? Оны да уайымдадым. 2 жыл бойы осы идея менің ойымда болды. Бұл идеям іске аспай тұрып алдымен ұялы телефонымда сурет түрінде тұрды. Кейін тоқылған суретке айналды. Ұқсай ма, қалай ойлайсыздар?», – дейді ол.

Коллаж: Tizgin.kz

«Өнер деп осыны айт»

Әлеуметтік желі қолданушылары.

«Керемет! Қолыңыз дерт көрмесін! Мынаны Димаш көру керек екен»,

 

«Міне, өнер деп осыны айт. Жарайсың» Табандылығың, еңбекқорлығың үшін, дән ризамын! Өсе бер, өркендей бер!»,

 

«Керемет! Сөз жоқӘ Димаш әнімен бүкіл әлемді жауласа, сіз осы өнеріңізбен әлемге әйгілі болыңыз», – деген пікірлер жазды.

Back to top button