«Ұлдананың құлағы мен мұрнынан қан фонтанша ағып жатты»: әріптесі көз жасына ерік берді
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның ісі бойынша өтіп жатқан сотта бүгін әріптесі Ділназ Байзақова жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ділназ Байзақованың айтуынша, қайғылы оқиға болған күні оларға «қабырға құлады» деген хабар түскен. Ұлдана мен Ділназ оқиға орнына барған кезде үш адам жарақат алып жатқанын көрген.
«Жәбірленушілерге жақындай бергенде біздің үстімізге ауыр заттар құлады. Мен кірпіш шығар деп ойладым. Жерге құлап, содан қайта орнымнан тұрдым. Ұлдананы көтерген кезде оның сау жері болмады. Құлағы мен мұрнынан қан фонтанша ағып жатқанын көрдім», – дейді Ділназ Байзақова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осы кезде сотта Ділназ көз жасын тыя алмады. Екінші жедел жәрдем көлігі келіп, осыдан кейін Ұлдананы ауруханаға алып кеткен.
Ұлдана Мырзуан ісі
Еске салсақ, 2025 жылдың 30 қыркүйекте Ұлдана Мырзуан реабилитолог-дәрігер Әділет Зейнелге тұрмысқа шыққан. Екеуі 8 жыл көңіл жарастырып жүрген еді.
8 қарашада Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйдің сыртқы кірпіш қаптамасы опырылып, астында бірнеше тұрғын қалып қойған. Көмекке жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде фельдшер Ұлдана Мырзуан жеткен. Құтқару жұмысы барысында ғимараттан кондиционер қондырғысы құлап, Ұлдана мен тағы бір фельдшердің басына тиді. Жалпы оқиға салдарынан 5 адам жарақат алды.
Ұлдана 10 күн бойы ауыр халде жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оны құтқарып қалу үшін бар күшін салғанмен, 18 қараша күні 23 жастағы Ұлдана Мырзуан көз жұмды. Сол күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде ажал құшқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне қалалық жедел медициналық көмек станциясы ғимаратына мемориалдық тақта орнатылды. Оның ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Ишанқұлқызы, марқұмның туыстары мен жедел медициналық көмек станциясының қызметкерлері қатысты.
«Ұлымды қайғы жеп барады»
Марқұм реабилитолог-дәрігер Ұлдана Мирзуанның бұрынғы күйеуі Әділет Зейнел мен анасы алғаш рет сұхбат берген болатын.
«Ал Әділеттің туыстары ол тезірек есін жиып, өзіне келгенін қалады. Ол қараша айынан бастап 3 ай жұмыс істемеді. Ол ауырып, қайғы жеп бара жатқанын Ұлдананың анасы да біледі. Біз оның адамдармен араласып, жақсы әйелмен танысқанын, ел қатарлы өмір сүргенін қаладық. Ол сәуір айынан бастап беті бері қарай бастаған кезде біз қуандық», – деді Әділеттің анасы.
Ал Ұлдананың анасы Руслан Өтепбайғай берген сұхбатында «Мені сыйласаң жәбірленуші статусынан бас тарт» деген болатын.