Садыр Жапаров “Қырғызстандағы төңкеріс” жайлы көптің сұрағына жауап берді
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Kaktus.media басылымына сұхбат беріп, төңкеріс жасау әрекеті болуы мүмкін деген алып-қашпа әңгімелер, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің туыстарына қатысты даулы қылмыстық істер сияқты біршама сауалға жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ШҰҒЫЛ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАҒАН КЕЗДЕР
Ақпандағы саяси оқиғалар мен қоғамда талқыланып жатқан сәтсіз аяқталған төңкеріс әрекеті туралы нұсқаға пікірін білдіріп, Қырғызстан президенті оған ақпарат түрлі көзден түскенін және жағдай басынан-ақ бақылауда болғанын мәлімдеді.
“Мен бірнеше дереккөзден түрлі ақпарат аламын. “75 адамның хаты” дейтін мәселеге қатысты іс-қимылдар басталғанда ақпарат менде болды. Бұл үндеудің Жоғарғы кеңеске түсуін, оның спикер мен тиісті комитет төрағаларына дейін қалай жылжығанын бақылап отырдым. Осы кезеңде мен құжат барысы, қатысы бар адамдардың әрекеттері, кімнің кіммен кездесіп жатқаны туралы мәліметтер алып тұрдым. Мәселе парламенттің пленарлық отырысына шығарылатын кезде мен жедел әрі батыл шаралар қабылдадым”, – деді Жапаров.
ЖАПАРОВ КҮШТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДЫ ҚАНШАЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАП ОТЫР
ҰҚМК қызметкерлері мен мандатын тапсырған парламент депутаттарының қатысы болуы мүмкін деген сұраққа жауап бере отырып, Садыр Жапаров мемлекет басшысы ретінде күштік құрылымдар әрекеттерінен хабардар екенін, бірақ кей жайттар оның толық бақылауынан тыс өтуі мүмкін екенін жасырмады.
“Жаңа айтқанымдай, президент және бас қолбасшы ретінде мен күштік құрылымдар басшыларының іс-әрекеттерінен хабардармын. Шартты түрде айтқанда, “кімнің не істеп, қайда жүргенін” білемін. Әрине, бәрі жүз пайыз менің бақылауымда деп айтпаймын. Бейхатар болатын жағдайлар да бар”, – деді Жапаров.
Сондай-ақ ол түпкілікті қорытынды тергеу нәтижесі бойынша жасалатынын айтып, депутаттарға заң шығару жұмысына назар аударуға кеңес берді.Жапаров Жоғарғы Кеңестің тағы бір депутаты, бұрынғы ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Ташиевтің інісі Шаирбек Ташиев екеуінің достығы оның қамаудан босатылуына әсер ете ме, жоқ па екендігіне жауап берді.
“Жоқ, ондай болмайды. Мен билікке келгелі мен үшін «дос», «туыс» немесе «жақын адам» деген ұғымдар жоқ екенін бірнеше рет айттым. Мен үшін мемлекет пен халық мүддесі бәрінен жоғары. Егер заң бұзылса, ешкім де жауапкершіліктен босатылмайды”, – деді ол.
ЖАПАРОВ РЕСЕЙГЕ НЕ ҮШІН БАРДЫ
Садыр Жапаровтың жуықта Ресейге сапары біреулер мұны санкциялармен байланыстырып, енді біреулер елдімекен атауларын өзгерту бастамаларымен ұштастырған болатын. Президент бұған қатысты егемен мемлекет басшысын ешкім шақырып ала алмайды деп кесіп айтты.
“Керісінше, Мәскеуге сапар жасау бастамасын өзім көтердім. Астанада өткен экологиялық саммитке қатысқаннан кейін осы мүмкіндікті пайдаланып, бірнеше мәселені бірден шешу мақсатында кездесу өткізуді жөн көрдім. Владимир Владимирович бұл бастаманы бірден қолдады. Сапардың алғашқы күнінде біз екі сағаттан астам уақыт бойы Қырғызстан мен Ресей арасындағы екіжақты қатынастардың кең ауқымды мәселелерін талқыладық, – деді президент.