Жаңалықтар

Ыстықкөлдегі бәйгеде қазақ шабандозы қырғыз баласына 3 мың доллар жүлдесін берді

Қазақстандық шабандоз атын мәреге жеткізген қырғыз баласына 3 мың долларға жуық алған жүлдесін табыстады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жүгіріп шығып, жүйрікке қарғып мінген

Оқиға Қырғызстанда өткен халықаралық “Ыстықкөл кубогы – 2026” бәйгесі барысында болды.

Жарыс барысында қазақстандық шабандоз аттан құлап қалған Сонда Әлихан есімді қырғызстандық бала жүгіріп шығып, жүйрікке қарғып мінген күйі бәйгені жалғастырды. Ол бәйгеде мәре сызығын үшінші болып кесті.

«Міне, спорттағы сыйластық!»

Кейінірек қазақстандық шабандоз 2,8 мың доллар көлемінде алған сыйақысын Әлиханға беруді ұйғарды. Шабандоздың мәреге жеткен сәті желіде таралды. Көпшілік: «Нағыз бауырмалдықтың үлгісі», «Міне, спорттағы сыйластық!» деп жазып жатты.

Айта кетейік, халықаралық “Ыстықкөл кубогі – 2026” жарысы 21 шілде күні Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтті.

Back to top button