WBO Әлімханұлына жаңа қарсылас тапты
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) супер орта салмақтағы титул үшін жаңа үміткерді жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Шираз шығуы керек болатын
Бос тұрған белбеу үшін қазақстандық боксшымен даниялық Якоб Банк қолғап түйістіреді.
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы аталған салмақтағы белбеу үшін британдық Хамза Ширазға қарсы тұруы керек болатын. Дегенмен Шираз титулдан бас тартуды жөн көрді.
15 күн берілді
Енді Әлімханұлы WBO-ның бос тұрған белбеуін әлі жеңілмеген, 25 жастағы даниялықпен спортшымен сарапқа салады. Ұйым келіссөздер белгілеп, шарттарын жариялады.
“Тараптарға осы хабарлама шыққан сәттен келіссөздер жүргізу және 7 қазан, яғни сәрсенбі, AST уақытымен сағат 16:00-ден кешіктірмей келісімге келу үшін 15 күн уақыт беріледі. Осы қаулының талаптары орындалмаса, Комитет жағдайға дереу араласады. Одан кейін мәселе WBO-ның чемпиондық жекпе-жектерді өткізу регламентіне сәйкес промоутерлік сауда (purse bid) процедурасына беріледі, – делінген ақпаратта.
Банк туралы не білеміз
Бұдан бөлек, екінші орта салмақтағы WBO титулы бойынша промоутерлік сауда үшін өтінімнің ең төменгі сомасы 300 000 АҚШ доллары (үш жүз мың доллар) мөлшерінде белгіленгені де хабарланды.
Якоб Банк Әлімханұлынан 7 жас кіші болса да, оның кәсіпқой карьерасында 20 жекпе-жек өткізген. Оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтап, бірде-бір рет жеңілмегенін айта кеткен орынды.